Сенсация жасаған Еуропа чемпионы Данияр Елеусіновпен жұдырықтасқысы келеді

Сурет: Fightnews.info

Жартылай орта салмақта Еуропа чемпионы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) қазақстандық Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) жекпе-жекке шығуға дайын. Бұл туралы Boxing Social-ға берген сұхбатында ресейлік боксшының менеджері Нил Марш мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Елеусіновпен жекпе-жек финалды элиминатор болса - ешқандай қиындық жоқ, бұл айқасты ұйымдастырайық", - дейді Марш. Оның сөзінше, Аванесянның өзі Даниярмен жұдырықтасуға қызығушылық білдірген. 

Өткен демалыста Аванесян британиялық Джош Келлимен (10-1-1, 6 КО) жұдырықтасты. Қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірген ресейлік сенсация жасады. Бұл Келлидің карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. Ал Аванесян биыл әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығатыны айтылды.