"Сенсация болады". Қазақстандық нокаутшының менеджері чемпиондық айқас жайлы

2 желтоқсан 2021 09:27
©bild.de

Менеджер Исмаэль Эзен-Отто Sky Sports арнасына берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцкийді (17-0, 16 КО) әйгілі отандасы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) салыстырды.

Оның сөзінше, кезінде GGG-мен ешкім шыққысы келмегендей қазір Кособуцкиймен жұдырықтасудан қашқақтайтындар көп екен. 

"Жан титул үшін айқасуға да дайын. Тап қазірдің өзіде дайын! Бірақ рейтингте біраз көтерілуіміз қажет. Айтып отырмын ғой, тіпті спаррингке шыққысы келмейді. Жан ресми жекпе-жектерде ғана емес, спаррингте де нокаутқа түсіреді. Ол чемпиондарды да құлатқан. Алайда құрметсіздік болмасын, аттарын атамай-ақ қояйын", - дейді функционер.

Сонымен қоса, Эзен-Отто сұмдық жаңалық болатынын айтып, WBC чемпионы Тайсон Фьюримен жекпе-жекті меңзеді: "Жанды британиялық чемпиондармен жекпе-жекке шығарғымыз келеді. Егер Фьюримен бәрі жақсы өтсе, жуырда барлық жағынан келісімге келе аламыз. Бұл сенсация болады!"

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар