Сенсация артынан сенсация. Куба әлем біріншілігіне тағы бір чемпионнан айырылды

©AIBA

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы кубалық Ласаро Альварес, Белградтағы (Сербия) биылғы әлем чемпионатында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атақты боксшы 60 келідегі 1/32 финалда жапониялық Хаято Цуцумиге есе жіберді.

Айта кетейік, бұл Куба боксшыларының қатысуымен болған екінші сенсация. Мұның алдында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Роньель Иглесиас жарыстан шығып қалды

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport