Сарапшы Жәнібек пен әлемнің экс чемпионы арасындағы айқаста кім жеңетінін айтты

© Top Rank Boxing

Қазақстандық белгілі промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBA және WBO чемпионы болған франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) мен Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) арасындағы айқаста кімде басымдық барын айтты. 

Еске салайық, бұл жекпе-жек 5 қараша Лас-Вегаста өтеді.

"Қазір Әлімханұлы топ-10 тізімде. Енді оның промоутерлері қарсылас таңдауда талғампаз болу керек. Титулға дейін бірнеше айқас өткізіп, нарықты жаулау қажет. Жәнібек көпшілік үшін қызықты болғаны дұрыс. Сондықтан да болар қарсылас ретінде осындай аты бар боксшы таңдалды. Жәнібек осы деңгейді сезіну керек. Оған міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек қажет. Ол оған лайықты. Жақсы кездесу болады. Шыңға шығар жолдағы бір сынақ. Бұл айқаста Жәнібекте басымдық бар сияқты, бірақ, босаңсуға болмайды.

Бастысы боксшылардың белсенді болуы. Тұрып қалмау керек. Боксшыға бір жылда кемі үш жекпе-жек өткізу қажет. Әрине пандемия көптің жоспарын талқан етті. Бірақ қазір бәрі реттеліп келеді және айқастар өткізуге кедергілер жоқ", - дейді Манкенов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар