Садриддин Ахмедовтың мексикалық спортшыны жеңген видеосы жарияланды

Сурет: Eye of the Tiger Management

Бүгін Канаданың Квебек қаласында жастар арасында WBC алтын белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов мексикалық Джонни Наварретемен кездесіп техникалық нокаутпен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


8 раундқа жоспарланған жекпе-жек Садриддиннің басымдығымен өтті. Сәт сайын ауыр соққы алған 31 жастағы мексикалық боксшы отандасымызға лайықты қауқар көрсете алған жоқ. Нәтижесінде Джонни шешуші 8-раудтқа шығудан бас тартты.



Осылайша, Ахмедов өз атағын қорғап, 10-шы жеңісіне жетті. Ал Наваррете карьерасындағы 16-шы жеңіліске ұшырады, сонымен қатар, оның қоржынында 33 жеңіс пен екі тең нәтиже бар.


Енді ол келесі кездесуін 7 желтоқсанда Монреаль қаласындағы Bell Centrе спорт кешенінде өткізеді.