Роллс Головкинге қарсы басты артықшылығын айтты

© boxingscene.com
Канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 КО) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында көңіл-күйімен бөлісті.

"Біреулер Головкин мені дұрыс бағаламай жатыр деп айтуы мүмкін. Бірақ мен обұлай ойлай алмаймын. Ол маған немқұрайлы қарайды деген ойым болмау керек. Жай ғана Головкинмен жұдырықтасуға дайындаламын, ал ол 100 пайызға дайын деген ойдамын. Головкин жақсы күйде. 

Менің басты артықшылығым? Оның мені білмейтінідігінде. Мен аты шықпаған боксшылар қатарындамын, жекпе-жегімнің жазбалары жоқ. Тар жерде жұдырықтаса аламын, жақсы қозғалам, соққым да мықты. Сондықтан бес қаруым сай боксшымын деп есептеймін. Психология мен ойша дайындықты да атап өту қажет. Осының бәрі менің артықшылығым болар", - деп келтіреді Роллстың сөзін BoxingTalk.