Ресми! Тайсон Фьюри рингке қашан шығатыны белгілі

©instagram.com/tysonfury

Top Rank промоутерлік компаниясы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) мен Дерек Чисора (33-12, 23 КО) айқасының анонсын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бокс кеші 3 желтоқсан күні Лондон төріндегі "Тоттенхэм" стадионында өтеді.

Бұл қос ағылшын боксшылары арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Алыптар алғаш рет 2011 жылы қолғап түйістіріп, Тайсон ұпай саны бойынша жеңіске жеткен еді. Ал 2014 жылы реваншта Фьюри қарсыласын 10 раундта нокаутқа түсірді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар