Промоутер Жәнібектен қашқан мексикалық нокаутшы туралы шындықты айтты

5 желтоқсан 2022 11:34
©MARCA

Британиялық белгілі бизнесмен және промоутер Эдди Хирн мексикалық Хайме Мунгияны (41-0, 33 KO) аты шықпаған боксшылармен айқаса береді деп сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO Әлімханұлы мен Мунгия кездесуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

"Маған Мунгия ұнайды. Бірақ оның резюмесі нашар. Бұлай болмайды. Қатты айтқым келмейді, бірақ, оның орта салмаққа өте салысымен Деметриус Андрадемен айқасуға мүмкіндігі болды. Алайда Хайме "жоқ" деді. Ары қарай бәсекеге шыдамайтын қарсыластармен жұдырықтасты. 

Ал жуырда Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізе алатын еді, дегенмен қайтадан бас тартты. Командасы онымен не істеп жатқанын түсінбедім. Ол супержұлдыз бола алады. Бірақ қазір істеп жүргені - масқара", - дейді Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport