"Өзімізді алдамай-ақ қояйық". Головкин "Канеломен" айқасқа қатысты бар шындықты айтты

©MARCA

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) SerEbro EnlosDeportes YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өтетініне сенімді болғанын айтады.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. 

- "Канеломен" үшінші жекпе-жек болатынын айтқанда, көпшілік бұған күмәнмен қараған. Ал сіз сендіңіз бе және қандай сезімде бодыңыз?

- Шынын айтайықшы, мен де, "Канело" да, үшінші жекпе-жек болатынына сенімді еді. Егер бокста логика болса, ол міндетті түрде өту керек болатын. Мен де, ол да, бокста қалу үшін жасағанның бәрі осы үшін ғана. Өзімізді алдамай-ақ қояйық, бұлай болатынын бәрі білді. Тек біраз созылып кетті. Бірақ бұл өзге мәселе. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар