Өзбектен шыққан Олимпиада чемпионы Сәкен Бибосыновпен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты

©AIBA

2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған Хасанбой Дусматов sports.uz сайтына берген сұхбатында қазақтың былғары қолғап шебері Сәкен Бибосыновпен қайта жұдырықтасқысы келетіндігін жеткізді.

- Әуесқой бокстағы қарсыластарыңыздың арасында кіммен шыққыңыз келеді?

- Сәкен Бибосыновпен қолғап түйістіргім келеді, - деп қысқа жауап берді.

Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы төрт жылдықтың басты додасынан кейін Дусматов кәсіпқой боксқа ауысып, қатарынан төрт айқаста жеңіске жетті. Ал Бибосынов болса, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатындағы алтынынан бөлек, Токиодағы Жазғы ойындардың қола жүлдесін еншіледі.

Қос спортшы өткен жылы Белград шаршы алаңында алғашқы айналымда жолығып, Сәкен Бибосынов айқын басымдықпен өзбек қарсыласын сабаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар