Өзбекстан көш бастап тұр. Қазақстанның бес боксшысы Азия чемпионатының алтынына айқасады

Сурет: ҚБФ

Қазақсnан құрамасының бес боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты, алайда, жүлделік есепте алда Өзбекстан командасы тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың алтыны үшін бес елдің боксшылары айқасқа түседі. финалда Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек, Үндістан, Моңғолия және Иран бар. Қола жүлде тоғыз елдің қанжығасында бар.  

2021 жылғы Азия чемпионатының жүлделік есебі

Финалисттер:

 1. Өзбекстан - жеті боксшы.

2. Қазақстан - бес.

3-4. Үндістан және Моңғолия - үш боксшыдан.

5. Иран - екі.

Қола жүлделер:

1. Қырғызстан - төрт боксшы.

2-3. Филиппин мен Өзбекстан - үш боксшыдан.

4-7. Моңғолия, Үндістан, Тәжікстан, Иран - екі боксшыдан.

8-9. Кувейт және Қазақстан - біреуден.

Жаңалықтар