"Осы үшін оны Мексикада да жақтырмайды". Экс чемпион "Канело" туралы шындықты айтты

19 қыркүйек 2022 10:37
©twitter.com/MatchroomBoxing

Бірінші ең жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, панамалық Карлос Мурильо қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) және Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 KO) үшінші айқасынан кейін мексикалықты сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz

Лас-Вегаста өткен трилогия төрешілер шешімімен "Канелоның" пайдасына аяқталды.

"Бұл жаман, өйткені осы спорттан күтетін үміттің бәрін үзеді. Осындай жағдайлар үшін "Канелоны" Мексикада да жақтырмайды. Өйткені ол келісілген айқас ұйымдастырады деп ойлайды. Қазір бәрі бизнес болып кеткен. Бұрынғыдай емес, ешкім абырой мен елі үшін айқаспайды. Өкінішке қарай мұны бақылауда ұстау мүмкін емес", - деп береді Мурильоның сөзін prensa.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар