"Орта салмақтағы құбыжық". DAZN платформасының Головкин рекордына арналған ролигі жарияланды

4 желтоқсан 2020 09:35
Сурет: Sky Sports

DAZN стриминг платформасы орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) арналған видеролик жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның атауы "Орта салмақтағы құбыжық". Ролик GGG-дің рекордты 21-ші рет титулын қорғайтын келесі жекпе-жегіне арналған.

Головкиннің ауыр соққылары ол туралы мынадай сөздермен сүйемелденген:

"Бұл жерде бәрі оны көру үшін жиналды".

"Ол әр уақытта ұлы".

"Ол кәсіпқойда да, әуесқойда да ешқашан құламаған".

"Канеломен" жекпе-жекте оның ақысын жеді.

"Ол өте зиялы, мықты, Қазақстаннан келген боксшы".

"Ол сені берілмейінше ұра береді".

"Бір соққы бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін", - деп ролик Головкиннің өз сөзімен аяқталады.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан таңғысын GGG польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек Холливуд қаласында өтіп, DAZN платформасында трансляцияланады. 

Жаңалықтар