"Орта салмақ патшасы". Головкин P4P рейтингінде "Канелодан" жорғары қойылды

© DAZN
Daily Mail  журнлисті Джефф Пауэлл салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең мықты боксшылар тізімін жасады.

ТОП-10 рейтингте Геннадий Головкин украиналық Сергей Ломаченкодан кейін екінші тұр. Осылайша, қазақстандық боксшы ең басты қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жоғары қойылды - үшінші орын. 

Автордың ойынша, "Канеломен" екі жекпе-жектегі төрешілердің күмәнді бағалауы болмағанда, Головкин әлі де орта салмақ патшасы болар еді. 

"Рейтингтегі бірінші орын 2020 жылдың аяғында тағы да анықталады, егер Альварес жеккөрінішін басып, Головкинмен трилогияны аяқтаса", - деп жазыпты ол. 

Daily Mail тұжырымынша P4P рейтингі толығымен мынадай:
1. Василий Ломаченко
2. Геннадий Головкин
3. Сауль Альварес
4. Наоя Иноуэ
5. Теренс Кроуфорд
6. Мэнни Пакьяо
7. Александр Усик
8. Эррол Спенс
9. Джош Тейлор
10. Тайсон Фьюри/Энтони Джошуа/Деонтей Уайлдер.
Жаңалықтар