"Орта дивизионға ешқашан оралмайды". "Канелоның" Головкинмен жекпе-жек алдында жоспары ашылды

Сурет: Fightnews.info
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) орта салмаққа оралмайды. Бұл туралы осы дивизионда жұдырықтасатын украиналық Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) бапкері Андре Розье мәлімдеді. Мамамнның сөзін Boxingnews24.com беріп отыр. 

"Альварес 160 фунтқа ешқашан оралмайды. Оған орта салмақта "франчайзинг" чемпионын беру туралы WBC шешімінің мәнісі жоқ. Бұл оған жасалған сыйлық еді, өйткені ол енді 160 фунтта ешқашан жұдырықтаспайды. Оның бапкерінің орнында болсам, Альварес енді орта салмақта жекпе-жек өткізбейтінін айтар едім. 

Альварес жартылай ауыр салмаққа көтерілді, Ковалевпен жұдырықтасты да, нокаутқа түсірді. Бір қызығы, ол бұл дивизионда орта салмаққа қарағанда жақсырақ болды. Ол мықты, әрі күшті көрінді. Одан кейін кім 160 фунтқа оралады? Оны ұмытыңыздар, енді оны орта салмақтан көре алмайсыздар", - дейді Розье.