Өліп кете жаздады. Ауыр нокаутқа түскен боксшыны рингтен көтеріп алып кетті

©Видеодан кадр

Колумбияда өткен бокс кешінде жергілікті 25 жастағы Луис Куиньонес (10-1, 6 КО) 21 жастағы венесуэлалық Хосе Муньостен (9-0, 7 КО) нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды vRINGe.com

Боксшылар бір-бірін аямай, нағыз айқас көрсетті. Сегізінші раундта колумбяилық боксшы есінен танып құлады. Нокауттың ауыр болғаны сонша, оны зембілге салып рингтен алып кетті. Видеодан боксшының сол күйі есін жимағаны және қолдары сірескен күйі жоғары көтеріліп қалғаны көрінеді. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Куиньонеске операция жасалды, алайда, бәрібір оның жағдайы ауыр екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар