Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың алғашқы бапкері дүниеден озды

Сурет: lada.kz©
Еліміздің еңбек сіңірген бапкері Жеңіс Жарылғапов дүниеден озды, - деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы. 

Ол Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовты жаттықтырған бірінші маман және Жаңаөзен құрамасының аға бапкері болған. Марқұмның шәкірттері арасында Қазақстан чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңіпаздары бар - Жеңіс Таймуринов, Қанат Көптілеуов және тағы басқа. 

"Қазақстан бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Жеңіс Жарылғаповтың дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді", - делінген хабарламада.