Олимпиада чемпионы қазақ қызын финалға шығармады

©olympic

Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Волосенко 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында ирландиялық Кейли Харрингтонға 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. (27:30, 28:29, 28:29, 28:29, 28:29).

Харрингтон Токио Олимпиадасының алтынын иеленген. Сонымен қатар, ол 2018 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілгенін айта кеткен жөн.

81 келіде сынға түскен Баязитова болса жартылай финалда ресейлік Анна Ивановамен қолғап түйістіріп, төрешілердің бір ауыз шешімімен 0:5 есебімен есе жіберді. (24:30, 26:30, 26:30, 26:30, 26:30).

Аталмыш жекпе-жектің екінші раундында отандасымыз нокдаунға түсіп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар