Олимпиада чемпионы бастаған. Өзбекстан халықаралық турнирге апаратын мықтыларын іріктеді

©Өзбекстанның бокс федерациясы

Бокстан Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов Болгариядағы халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Өзбекстанның ҰОК.

Жұлдызды боксшыдан бөлек 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері де ринг төріне шығады. 

"Дусматов Хасанбой (52 келіге дейін), Абдумалик Халаков (57 келіге дейін), Турсунов Мужибилло (63 келіге дейін), Рахманов Джахонгир (69 келіге дейін), Саиджамшид Жафаров (75 кг дейін), Аслонов Одилжон (81 келіге дейін), Сайдрахимов Мадияр (92 кг дейін) және Муллажонов Лазизбек (92 келіден жоғары)", - делінген хабарламада.

Еске салайық, аталмыш турнирде Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері де ел намысын қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport