"Нокаут болмаса, жеңілетінім 99 пайыз". Головкин мексикалықпен жекпе-жек "сұмдығы" туралы

© Fightnews.info
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 KO) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек алдында Dan Patrick Show ток-шоуында болып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек жайлы сұрақтарға жауап берді.

"Менің жағдайымда, егер жеңгім келсе, нокаут керегін білемін. Егер нокаутпен жеңбесем, жеңілетінім 99 пайыз. Бұл сұмдық. 

Менен қорқа ма? Білмеймін. Оған қоңырау шалып, сұрасаңызшы (күледі)", - деп жауап берді GGG.

Головкин "Канеломен" Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы қыркүйекте жекпе-жек тең аяқталып, дау тудырды, ал бір жылдан кейін мексикалық ұпай санымен жеңді. 

Ал 5 қазан Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында украиналық Сергей Деревянченкомен IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді. 
Жаңалықтар