Нокаут. Батыр Жүкембаевтың қарсыласы неге жеңілгенін ашық айтты

27 желтоқсан 2022 09:30
©Видеодан скрин

Оңтүстік Африка боксшысы Ксолани Мкотели (19-8, 12 KO) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевтан (19-1, 15 KO) қалай жеңілгенін айтты. 

24 желтоқсан алматыдағы бокс кешінде он раундтық жекпе-жек алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталған болатын. Бұл Батырдың Қазақстандағы бірінші айқасы болды. 

Қазақ нокаутшы қарсыласын бірінші раундта төрт құлатты

"Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласымның соққысы ауыр және техникасы да мықты екен. Ол менен жылдам әрі нәтижелі болды. Біраз уақытқа дейін қысымның бетін қайтарып, соққыларына жауап беріп отырдым. Алайда әр раунд сайын қиын бола бастады. Оның әлеуеті өте жоғары, оны іске асыру қажет. Оған сәттілік тілеймін. 

Қазақстанды көргеніме қуаныштымын. Қызықты әрі әсем ел екен. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын", - дейді Мкотели. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар