"Мутантпын". Чемпион мықты қарсыластарды қалай "сындырғанын" мойындады

©Yahoo Sport

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO) басқа бокшсылардан не өзгешілігі барын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Жекпе-жек алдында қарсыластың мысын басудағы интелектуалды ойындарға келгенде мен үлкен шебер болып шықтым. "Икс адамдардағы" Профессор сияқты - телепатиясы бар мутанттай шебер. Ол өзінен 250 мильдегі адамның ойына әсер ете алушы еді ғой. 

Интервью кезінде мен қарсыласымның санасына кіруге тырысатынмын. Мен Владимир Кличко сияқты мықты чемпиондардың ерік-жігерін сындырып тастайтынмын. Мұны салмақ өлшеу мен медиаға арналған күндері жасап отырдым. Жекпе-жек жарнамасы кезінде менімен бетпе-бет келген боксшы, эмоционалдық атракционға тап болады", - деп береді боксшының сөзін Daily Star.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport