Мұндай сұмдық мүмкін бе? Қазақ боксшысының Олимпиадада жеңілуінің шын себебі айтылды

Сурет: World News

Youtube желісіндегі "неКАРАтэ" арнасы Токио Олимпиадасындағы боксты қорытындылап, Сәкен Бибосыновтың жеңілгенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келіге дейінгі жартылай финалда Бибосынов Олимпиада чемпионы атанған британиялық Джалал Яфайға төрешілер шешімімен есе жіберді. Алайда сарапшылардың көбі төрешілер қазақ боксшысының ақысын жегені анық деген ойда. 

"Яфай мен Батырғазиевті жүлдеге сүйреді. Бибосыновты аяқтан шалды. Зировты Олимпиададан ақырын шығарып тастады, Мирзахалиловты да. Бұл үшеуін аяқтан шалғаны анық, өйткені алтын үлестіріліп қойған. Жүз пайыз аласың деген мағынада емес, жеңіске жетуге көмектесті. Сәл бірдеңе болса солардың пайдасына шешіп отырды. 52 мен 57 келіде қулықтары анық көрініп тұрды. Әсіресе Яфаймен, Зоировты да, Бибосыновты да шетке қақты. Бибосынов оны жеңгені көрніп-ақ тұрды. Бұған күмән де жоқ. Бибосыновтың қолын көтеру керек болатын. Дегенмен ағылшындарға көмектесіп отырды, ресейліктерге де", - дейді арна авторы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар