"Мүмкіндікті жібермеймін". Головкин "Канелоны" нокаутқа түсіруге тырыспақ

©Тұрар Қазанғапов

Белгілі боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші айқаста нокаут болатынын ескертті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Кез-келген боксшы бір қарсыласпен үш рет жекпе-жек өткізе бермейді. Маған сондай бақыт бұйырғанына қунаыштымын. Қырық жастағылар жасамайтын жаттығулар жасап жүрмін. Қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Уақытынан ерте аяқтау? Міндетті түрде. Нокауттың орайы келсе, мүмкіндікті мүлт жібермеймін. Егер ол мені жоқ қылам десе, барша бокс жанкүйерлері үшін үлкен пайда болмақ", - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Альварес айқасы 17-қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төріндегі T-Mobile Arena-да өтеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар