"Мен айға ұшқым келеді". Альварестің бапкері Головкиннің нокаутпен жеңістен кейінгі сөзіне жауап қайырды

Сауль Альварес. Сурет: DAZN
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) мәлімдемесіне жауап қайырды.

8 маусым Нью-Йоркте Головкин DAZN стриминг қызметіндегі алғашқы жекпе-жегін тамаша өткізіп, төртінші раундта бұрын жеңілмеген канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа түсірді.

Осы жеңістен кейін қазақстандық боксшы рингте тұрып, "Канелоны" жекпе-жекке шақырып, қыркүйекке дайынмын деген еді. Боксшылар бұрын екі рет жұдырықтасқан: бірінші жекпе-жек тең аяқталып, екіншісінде мексикалық төрешілер шешімімен жеңді.

"Головкин "Канеломен" жұдырықтасқысы келе ме? Ал мен айға ұшқым келеді, бірақ, өйте алмаймын. Ол нені қаласа да ерікті. Қалау - бір бөлек, ал істеу - мүлде бөлек. Біз өзімізге ыңғайлыны жасаймыз, Головкиннің қалағанын емес", - дейді Рейносо Fino Boxing басылымына берген сұхбатында.
Жаңалықтар