Мексикада Әлімханұлы "Канелоға" қауіпті екені айтылды

©Boxing Scene

Мексикалық Heraldo Deportes басылымы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) туралы айтқанына қатысты мақала жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы "Канело" онымен жекпе-жекке неге шықпайтынын айтты

"Боксшы мексикалықты сынап, жекпе-жекке шығу туралы мәселе көтерді. Бұл Сауль GGG-ді жеңген соң болып отыр. 

"Сауль "Канело" Альварес 2021 жылды жеңіске тола өткізді. Суперорта салмақта белбеулерді жинап, абсолют чемпион атағын қорғады. Ал енді мексикалықтың намысына тиіп, оны айқасқа шақыруда, өйткені жеңілмеген қазақ боксшы отандасы Головкин үшін кек алмақ. 

Ол боксшы Жәнібек Әлімханұлы, қазіргі таңда оның 12 жеңісі бар, орта салмақта жеңілмеген, тіпті тең де түспеген. Сондықтан ол Головкин үшін "Канелодан" есе қайтаруға үмітті. Алайда мексикалықтың қарсылас таңдауын ескерсек, ол қазақстандыққа мүмкіндік бермейді, өйткені бұл Альварес үшін қауіпті", - деп жазады басылым. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар