"Мән-жайы келісілді". Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегі туралы мәлімет тарады

© аllboxing.ru
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің мән-жайы келісілді, - деп хабарлайды Boxing Kingdom.

Портал мәліметінше, жекпе-жек туралы жақында ресми жария етіледі. 

Еске салайық, GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды. Дегенмен жекпе-жектің өтетін күні ретінде түрлі уақыт айтылауда. 

Аталған күндер ішінде - 29 ақпан мен 28 наурыз бар. Тіпті Головкин рингке тек сәуір не мамырда оралады деген ақпарат та таралуда.

Ал кездесу өтетін орын ретінде поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикаго таңдалды.


Жаңалықтар