Қыркүйекке белгілеген. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты жаңа дерек шықты

Сурет: boxingscene.com
Америкалық белгілі журналист әрі инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ақпаратпен бөлісті.

Мұның алдында оның әріптесі Лэнс Пагмайер тараптар қаржылық шарттар бойынша келіскенін хабарлаған. Ал жекпе-жектің өзі 12 қыркүйек Арлингтондағы AT&T стадионында өтеді делінген еді. 

Алайда Коппинджердің ақпаратынша, жанкүйерлер Головкин мен"Канело" жекпе-жегін 2021 жылдан ерте тамашалай алмайтын сияқты. Қазір Альварестің командасы 14 қыркүйекке Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) келіссөз жүргізуде. Украиналық 2019 жылы Головкиннен жеңілген болатын. Бұл кездесу екінші орта салмақ лимитінде өтпек.