Құрама капитаны қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

©olympic

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Thailand Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

69 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианармен айқасты. Бұл жекпе-жекте құрама капитаны техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Шымбергенов бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, қабағын жарып тастады. Одан кейінгі раундтарда да жойқын соққылармен адымын аштырмаған соң, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар