Ковалевті жаттықтырған америкалық бапкер қазақ кәсіпқойларын дайындайтын болды

Романың жеке мұрағатынан
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев және орта салмақта WBC, WBO титулдарын иеленген амеркиалық Келли Павликті жаттықтырған бапкер Роджер Рома Qazaq Promotions боксшыларын жаттықтыратын болады. Бұл туралы амеркиалық амамн Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Қазақстаннан ұсыныс түсті. Сіздерде мықты және болашағы зор боксшылар барын жақсы білемін. Өз білгенімді үйрету қызық болады. Өз міндеттеріме кірістім. Мұнда болғаныма баққытымын және спортшыларға ең жоғары деңгейге жету үшін  көмектесуге дайынмын", - дейді Рома.

Еске салайық, 26 қазан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің анедркартында Qazaq Promotions боксшылары өнер көрсетеді. 

Рома 2010 мен 2012 жылдар аралығы Павликті, ал 2018 жылы Ковалевті жаттықтырды. Мамамн жаттықтырған соңғы боксшы бразилиялық Патрик Тейшера.
Жаңалықтар