Костя Дзюдің кенже ұлы кәсіпқойдағы бірінші айқасын нокаутпен жеңді

©Fightnews.info

Әйгілі Костя Цзюдің кенже ұлы Никита Цзю кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

69,85 келі салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жек Аустралияның Брисбен қаласындағы бокс кешінде өтті. 24 жастағы Никита жергілікті Аарон Сталды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, 31 жастағы Сталдың карьерасында алғашқы жеңіліс тіркелді, бұған дейін аустралиялық екі рет жеңіп, бір рет тең түскен екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар