"Көңіліне алмасын, алайда...". Сарапшы Головкиннің қартайып келе жатқаны туралы

© twitter.com/TheGarden
Белгілі BoxingScene.com порталының шолушысы Стивен Эдвардс орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қартайғанын көрсетіп қойғанын айтады.

"Меніңше, Головкин жақсы жұдырықтасты. Роллс деңгейіндегі боксшыларды GGG әдетте бір немесе екі-ақ соққымен жеп тастайтын. Геннадийдің қиындығы  шырқау деңгейіне бірден келе алмайтындығында.

Геннадий 37-де, сондықтан, оның солғын тартып бара жатқанынан кері ештеңе көріп тұрғам жоқ. Ол үнемі VADA допинг-тестін тапсырады. Бұрын одан қорқатын еді. Ал "Канело" ұлы боксшы, оның үстіне сегіз жылға жас. Допинг тұрғысынан таза боксшылар әдетте 37 жасында қартая бастайды. Адамның жаратылысы солай.

37 жасында формасын жоғалтып келе жатқан Головкин - бұл табиғи құбылыс. Тарихтағы 99 пайыз боксшылар 37 жасынан қарағанда 27 жасында мықты болды. Бұл көңілге алып, реншіпен қабылдайтын меңзеу емес. Головкинде қазір де мықты соққы мен агрессив техника бар. Алайда ол баяулап келеді және оған жастау боксшылармен жұдырықтасу қиындай береді", - деп жазыпты автор. 
Жаңалықтар