"Кет на... бұл жерден". "Канело" Головкин салмағындағы чемпионды көпшілік алдында мазақ етіп қуып жіберді

Сурет: DAZN©

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде мексикалық Сауль "Канело" Альварес сұхбат беріп отырған баспасөз мәслихатында шу шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBC, WBA және WBO титуладыр үшін айқаста британиялық Билли Джо Сондерсті жеңгеннен кейін Альварес әдеттегідей БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. 

Осы кезде америкалық боксшы сахнаға жақын келіп, "Канелоны" жекпе-жекке шақырамын деп мазаққа қалды. 

- Жекпе-жек ұйымдастыра аламыз ғой. Қалай ойлайсың? - деп сұрады Андраде Альварестен.

 - Сен ешкіммен жұдырықтаспағансың. Эй, сен чемпионсың, бірақ, ешкіммен жұдырықтаспағансың, бауырым, - деп күлді "Канело", алғаш рет көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлеп. 

- Окей, көбі ешкіммен жұдырықтаспаған.

- Кет ... бұл жерден.

- Ал сен кіммен жұдырықтастың?

- Мен кіммен? - деп күлді Альварес, осы кезде зал ду қол шапалақтады. - Кет ... бұл жерден. Саған жекпе-жек бұйырмайды. Сен нашар боксшысың. Өте нашар.

- Онда сабап таста мені! Саба мені! Тіліңді тартып сөйле. Далада жолығамыз, - деп қорқытты Андраде.

- Иә-иә, далада кезігеміз, - деп жауап берді мексикалық. 

Айта кетейік, америкалық боксшы шоуға "Канело" мен Сондерс Андрадемен жұдырықтасудан қорқады" деген жазуы бар футболкамен келген.

Андраде елді осылай дүрліктіргенді жақсы көреді. Мәселен, Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңген сәтте ол Madison Square Garden аренасының рингіне шығып,  GGG-ді айқасуға шақырмақ болады. Алайда жергілікті қауіпсіздік қызметкерлері оны ұстап қалып, залға қайтарған. 

 

 

Жаңалықтар