Қазақтан шыққан әлем чемпионы кәсіпқойдағы алтыншы айқасында жеңді

©olympic.kz

Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз жартылай орта салмақта грузиялық Яго Кизирямен қолғап түйістірді. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек толыққанды соңына дейін өтіп, Нұрдәулетов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бекзат кәсіпқой карьерасындағы алтыншы кездесуін жеңіспен аяқтады. Кизиря болса осыған дейін алты рет жеңіске жетсе, тоғыз мәрте жеңіліс тапты.

Еске салайық, Маңғыстау бокс мектебінің түлегі 2019 жылы Екатеринбургтегі әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport