Қазақстандық Сафиуллиннің әлем чемпионатындағы жекпе-жегіне тікелей трансляция

12 қыркүйек 2019 10:28
© olympic.kz
Бүгін, 12 қыркүйек Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының төртінші күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингке Қазақстан құрамасының бір өкілі - Закир Сафиуллин шығады. Ол 63 келіге дейінгі салмақта турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірбайжандық Бахтияр Газибаев.

Тікелей трансляцияны Матч! Боец арансынан тамашалауға болады, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 16:00. 

Трансляцияға сілтеме >>>