Қазақстандық нокаутшы әлемдегі әйгілі екі промоутерге үн қатты

30 желтоқсан 2022 12:31
©Eye of The Tiger Managment

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) кәсіпқой рингтегі алдағы жоспарына қатысты әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол әлемдегі атақты екі промоутерге қарата үн қатты. 

"140 фунт (бірінші жартылай орта дивизион) - әлемдегі ең әйгілі салмақ категориясы. 2023 жылы осыны қолға алайық", - деп жазыпты Батыр Twitter желісінде Фрэнк Уоррен, Top Rank, Matchroom Boxing, Лу Дибелла, Golden Boy Promotions, TGB Promotions, PBC және Probellum аккаунттарын белгілеп.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport