Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

9 қыркүйек 2019 10:47
© Olympic.kz.
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылардың бірінші қарсыластары белгілі болды.

52 келі Сәкен Бибосынов - Харху Энхимандах (Моңғолия)

57 келі Қайрат Ералиев - Шарафа Раман (Германия)\ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады

63 келі Закир Сафиуллин - Бахтияр Газибеков (Әзірбайжан)

69 келі Абылайхан Жүсіпов - Вуттичай Масук (Тайланд)\ Долголевец Евгений  (Беларусь) 

75 келі Тұрсынбай Құлахмет - Милос Бартл (Чехия)\ Михаил Остроумов (Израиль)

81 келі Бекзат Нұрдәулетов - Хонг Инги (Оңтүстік Корея)

91 келі Василий Левит- Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия)\Дэвид Мишалек (Словакия)

+91 кг Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)\Белберов Петар Руменов (Болгария).

Жекпе-жектер бүгін, 9 қыркүйекте басталады. Рингке алдымен 75 және 91 келіде өнер көрсететін боксшылар шығады. Қазақстандық боксшылар жарысты ертең, 10 қыркүйекте бастайды.