Қазақстандық боксшы Тайландтағы турнирде жүлдесіз қалды

©Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Тайландтағы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Халықаралық турнирдің ширек финалында 75 келіде өнер көрсететін отандасымыз Үндістанның өкілі Сумитпен кездесті. 

Бұл кездесуде отандасымыз ұпай саны бойынша жеңілді. Бес төреші 30:27 есебімен Сумиттің жеңісін тіркеді. 

Айта кетейік, Нұрсейітов 2021 жылы әскериелер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан намысын қорғайтын Нұрбек Оралбай (81 келі) аталған доданың жартылай финалына шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар