Қазақстандық боксшы жаңа дивизионда 65 жекпе-жекке шыққан никарагуалық "Жауынгермен" жұдырықтасады

© boxingscene.com
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбовтың (14-2-1, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Эюбов 13 наурыз АҚШ-тың Хинкли қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. BoxRec.com ақпаратынша, қазақстандық боксшының қарсыласы 39 жастағы никарагуалық Карлос Уинстон Веласкес. "Жауынгер" лақап атымен белгілі латынамеркиалық боксшы карьерасында 65 жекпе-жекке шыққан - 27 кездесуінде жеңген (17 нокаут), 36 рет жеңіліп, екі рет тең түскен.

Бірінші жартылай орта салмақта өтетін кездесу алты раундқа есептелген және Эюбов үшін жаңа дивизиондағы бірінші жекпе-жегі. Қазақстандық екі рет қатарынан жеңілген соң салмақ ауыстыру туралы шешім қабылдаған. 

Кейінгі рет қазақстандық боксшы қаңтарда жұдырықтасып, төртнші раундта америкалық Джарон Эннистен (25-0, 23 КО) техниклық нокаутпен жеңілген. Бұл оның карьерасындағы алғаш рет нокаутқа түсуі. 

Ал бірінші рет Эюбов 2019 жылы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) кардында өзге амеркиалық Брайан Себальодан (11-0, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңілген.