Қазақстандық боксшы әрі әнші 24 нокауты бар қарсыласпен титул үшін жұдырықтасады

12 желтоқсан 2019 14:14
14 желтоқсан Мәскеуде Shamo Boxing промоутерлік компаниясының "Дерись и побеждай" атты кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл шоуда қазақстандық боксшылар да жұдырықтасады. 

Осылайша, бірінші ауры салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) малавилік Мусса Аджибумен (28-14-5, 24 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде IBA Asia белбеуі сарапқа салынады.

Сонымен бірге, бұл кеште рингке ауыр салмақта жұдырықтасатын Уалихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкийге (0-3) қарсы шығады. 

Ал 19 жастағы Лаура Есенкелді (0-1) кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Елена Выстропова.

Жаңалықтар