Қазақстан мен Өзбекстан текетіресі. WBC және WBA титулдары сарапқа салынатын бокс кешіне тікелей трансляция

23 қыркүйек 2020 11:40
Еділ Қожамбердиев. Сурет: Tukeshov Boxing Prmotions
Бүгін, 23 қыркүйек Алматыда бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен (12-7-1, 8 КО) WBC Asia және WBA Asia титулдары үшін жұдырықтасады.

Жекпе-жек он раундқа есептелген. Трнасляция Қазақстан астанасының уақытымен 15:00-де басталады.

Сонымен қоса, Рахат Сейітжан (1-0, 1 КО) пен Шовкат Халилов (7-2, 1 КО), Талғат Шәйкен (1-0, 0 КО) мен Бахром Паязов (22-13, 15 КО) арасындағы жекпе-жектер Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының арасындағы текетірестей болады.

Бұл кеште MTK Kazakhstan келісімшарты үшін жекпе-жек те өтеді.

Екінші жартылай жеңіл салмақ. Ширек финал:
Нұрболат Бекбауов (дебют) - Нұрдос Жұмақ (дебют)
Заманбек Данабеков (1-0, 0 КО) - Торғынбек Әміров (дебют)
Әлімжан Тұрсынов (2-0, 2 КО) - Вячеслав Салибаев (дебют)
Нұрсұлтан Исахан (дебют) - Асылбек Тастүлек (дебют)

Бірініш орта салмақ. Ширек финал:
Әділет Дәмешов (дебют) - Мирас Ертанов (дебют)
Дарын Имаханов (дебют) - Жанболат Әкімқұл (дебют)
Нұрбол Сұлтанбай (1-0, 1 КО) - Мирас Жеңісов (дебют)
Абылайхан Бітімов (2-0, 2 КО) - Ерасыл Ақранбек (дебют)

Сонымен қатар, осы шоуда Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО), Рай Сейітжанов (3-0, 0 КО), Берікбай Нұрымбетов (5-1, 1 КО) пен Жансая Рахымберді (1-0, 0 КО) де рингке шығады.