Қазақстан құрамасының боксшылары әлем чемпионатынан қанша сыйақы алатыны анықталды

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әйелдер арасындағы ХІІ әлем чемпионатын аяқтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан бес жүлде алды. Тарқатып айтсақ, Алуа Балқыбекова (48 келі) күміс жүлде алса, Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлде иеленді. 

Бұл әлем біріншілігінде Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ақшалай арнайы сыйақы тағайындады. Алтын жүлдеге 100 мың доллар, күміске 50 мың доллар және қолаға 25 мың доллар. Осылайша, төрт қола және бір күміс жүлде алған қазақстандық боксшылар бас-аяғы 150 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: