Қазақстан боксшыларының Азия чемпионатындағы шешуші айқастарына тікелей көрсетілім

Сурет: Olympic.kz

Бүгін, 31 мамыр Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан командасынан бес боксшы алтынға айқасады: Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).

Жекпе-жектердің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Бұл кездесулерді Qazsport арнасынан тамашалауға болады. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Еске салайық, мұның алдында бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық есепте көш бастады. 

"Бокс державасымыз". Бас бапкер Азия чемпионатындағы жеңіс туралы

Жаңалықтар