"Kazakh Style, өткізіп алмаңыздар!". Белгілі америкалық актер Әлімханұлының жекпе-жегін құлақтандырды

© dailynews.com
Белгілі америкалық комик және стендапер Даррен Картер қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін құлақтандырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы Twitter желісінде жариялаған видеосында Картер 26 жастағы қазақстандықтың жекпе-жегіне назар аударуға шақырды. 9 қараша Фресно қаласында ол орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын канадлық Альберт Онолуносеге қарсы қорғайды.

"Ханымдар мен мырзалар! Дайынсыздар ма? Қарашада! Жәнібек! Kazakh Style! Бұл тамаша жекпе-жек болады! Өткізіп алмаңыздар! Бұл жігітті білемін - ол сұмдық! Қараша, түн, Жәнібек", - дейді Картер. 




Айта кетейік, Картер комедиялық жанрдағы танымал актер, продюсер әрі режиссер. Ол The Jamie Foxx Show жобасынан кейін белгілі бола бастады.