"Қазақ стилін әлемге тағы бір паш етемін". Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) тезірек рингке оралғысы келетінін айтады,- деп хабарлайды Vesti.kz. Әлеуметтік желіде белсенді спортшы кезекті мәлімдеме жасады. 

"Келесі жекпе-жекті асыға күтемін. Қазақ стилін әлемге тағы бір паш еткім келеді", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.



Еске салайық, 10 қазан Лас-Вегасте өткен кейінгі жекпе-жегінде 27 жастағы қазақ боксшы аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа түсірген. Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібектің келесі қарсыласы Британия чемпионы Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) болуы ықтимал.