Қазақ қызы Азия чемпионатының финалында сүрінді

©olympic.kz

Қазақстандық Гүлсая Ержан бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қолғап түйістірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

81 келіге дейінгілер арасындағы сында жерлесіміз үндістандық Савитимен жұдырықтасты. Нәтижесінде үш раундтың қорытындысы бойынша үнді қызы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Гүлсая сары құрлықтың күміс медалін қанағат тұтты.

Еске салайық, осыған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) және Карина Ибрагимовалар (57 келі) Азия чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар