Қазақ боксышлар AIBA рейтингінде ең нәтижелі үштікке кірді

©olympic.kz

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Сербияда өткен әлем чемпионатындағы боксшылардың жұдырықтасу нәтижелілігін есептеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың жеңісті жекпе-жектері есепке алынған сараптама қорытындысы бойынша әлем чемпонатындағы ең нәтижелі Куба құрамасы болды - бір боксшыға 4,5 ұпайдан. 

Екінші орында АҚШ (3,8 балл), ал Қазақстан үшінші (3,3). Одан кейін Франция (3,0) мен Ресей (2,6).

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне 13 салмақта да боксшылар апарып, бес жүлде - екі алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды. 

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан командалық есепте Кубадан кейін (үш алтын және екі қола) екінші болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар