Қазақ боксшының атақты қарсыласына шамасы келмеді

©instagram.com/molzhigitovv

Болгарияда өтіп жатқан "Страндж кубогі" халықаралық турнирдің алғашқы айқасында қазақстандық боксшы Диас Молжігітовтің тәжірибелі украиналық Александр Хижнякқа шамасы келмеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Молжігітов 0:5 (26-30, 27-30, 27-30, 26-30, 25-30) есебімен есе жіберді.

Хижняк - 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем (Гамбург-2017) және Еуропа (Харьков-2017) чемпионы.

Еске салайық, "Кіші әлем чемпионаты" аталып кеткен турнир 19 ақпанда басталып, айдың 28 жұлдызына дейін жалғасады. Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысуда, олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар