"Қаттырақ ұр!". Головкин ҰХЛ жұлдызын жаттықтырған видео

Сурет: Boxing.ru
ҰХЛ-дегі "Вашингтон Кэпиталз" клубының шабуылшысы Илья Ковальчук бокс жұлдызы қазақстандық Геннадий Головкиннің жетекшілігімен жаттығып жатқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік белгілі хоккейші GGG жаттығып жатқан залда болып, боксшының қадағалауында соққылар комбинациясын жасады.

"Бапкер керек болады дейді. Келіспей гөр", - деп жазыпты Ковальчук Instagram желісінде.

Видеода Головкиннің дауысы анық естіледі: "Let’s go! Қаттырақ! Басыңды түсір!"

Айта кетейік, Ковальчук Головкинмен бірге түскен суреттерін жиі жариялайды. Екі спортшы да Лос-Анджелесте тұрады және жақын араласады.

Жаңалықтар