Кәсіпқой карьерасын сәтті бастаған 18 жастағы қазақ боксшы шетелде жұдырықтасады

© instagram.com/Tolebay_N
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін 18 жастағы қазақ боксшы Нұрдос Төлебайдың (1-0) кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегі белгіленді, - деп хабарлайды MTK Kazakhstan компаниясы.

22 қарашада Нұрдос Дубайдағы Rotunda Rumble II турнирінде жұдырықтасады. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бокс кешін MTK Global компаниясы ұйымдастырып отыр, бұл шоуда бірінші орта дивизиондағы 25 жастағы Абылхайыр Шегалиев (7-0, 4 КО) те жекпе-жек өткізеді. 



Кәсіпқой карьерасын Төлебай 12 қазан Алматыда бастап, төрт раунд қорытындысы бойынша 22 жастағы грузиялық Торник Канделакиді (4-6, 3 КО) төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңген еді. Ал әуесқойда түркістандық боксшы Қазақстанның жастар чемпионатының финалына дейін жеткен.